Алматыда әрбір алтыншы бағдаршамға жасанды интеллект енгізілді
Алматыда әрбір алтыншы бағдаршамға жасанды интеллект жүйесі енгізілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның мәліметінше, қалада 580-ге жуық бағдаршам нысаны жұмыс істейді. Олардың 98-і қазірдің өзінде жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейді, бірақ тек сынақ режимінде.
"Бірінші кезең пилоттық түрде жүзеге асырылды. Қалада 98 бағдаршам нысаны жабдықталған. Екінші кезең бойынша қалалық ұтқырлық басқармасында биыл іске асыру дайындалуда. Қала бойынша барлық бағдаршам нысандары толық қамтылады. Қаржыландыру бөлінуіне қарай олар бұл жұмысты жалғастырады", – деді Алматы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.
Ол сондай-ақ қиылыстарда жасанды интеллект жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
Адаптивті режимде қиылысқа келетін көлік ағынын автоматты түрде оқиды", – деп атап өтті Алматы ПД УАП өкілі.
Жақында Алматыда жол қозғалысын реттеу үшін жасанды интеллект қолданылатыны белгілі болды.
"Жыл соңына дейін бағдаршам жүйесінде жасанды интеллектті қолданылады. Көп көлк болған кезде бағдаршам бағыттарының ауысу жиілігі жасанды түрде өзгереді", – деді қала әкімі Ерболат Досаев сәуір айының басында.