Алматыдағы базарлардың бірінен Apple брендінің көшірмелері тәркіленді
Фото: Әділет министрлігі
Ірі көлемде "Apple" тауар белгісінің атын жамылған контрафактілік өнімдер тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әділет министрлігінің мәліметінше, 16-19 қыркүйекте Алматы қаласында Әділет министрлігі және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен контрафакті өнімдерін анықтау бойынша іс-шаралар өтті.
"Байсат көтерме-бөлшек сауда базарының аумағында "Apple" тауар белгісімен ірі контрафактілік өнім партиясын сату дерегі анықталды. Жеке кәсіпкер өңірлерге ұялы телефондардың (қуаттағыш құрылғылар, кабельдер, құлаққаптар, адаптерлер және т.б.) контрафактілік аксессуарларын көтерме бағамен сатқаны анықталды. Осы факті бойынша "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстінің" 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Шамамен 2 млн теңге сомасына 1,5 мың дана өнім тәркіленді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ осыған ұқсас факт Байсат көтерме-бөлшек сауда базарының жанында орналасқан қойма үй-жайында анықталды. Онда WD-40 (әмбебап мақсаттағы техникалық аэрозоль) тауар белгісімен контрафактілік шығу белгілері бар өнімдері бар көтерме қойма табылды.
Жеке кәсіпкерге қатысты ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Шамамен 3 млн теңге сомасына 2 мыңнан астам жалған өнім тәркіленді.
Қазір барлық материал сотқа жіберілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
