Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда апалы-сіңліні өлтіріп, үйлерін өртеген қылмыскер сотталды

Алматыда 37 жастағы Замандин Палтуевке үкім шығарылды, ол бірнеше адам өлтіргені және үй өртегені үшін айыпталды. Ол алдағы 25 жылды түрмеде өткізуіне тура келеді. Бұл туралы хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

қылмыс

Үш жыл бұрын, сотталушы әпкесімен бірге тұратын досына қонаққа келген. Үйде екі әйелден бөлек, бірінің азаматтық некедегі күйеуі ұйықтап жатқан. Ішімдікке мас болған олардың арасында жанжал орнайды.  Палтуев ас үй пышағын алып, екі әйелді өлтіретінін айтып қорқытқан. Оларға көмекке келген ер адамды пышақтаған. Алған жарақаттардан әпкелі-сіңілі мен ер адам сол жерде жан тәсілім еткен.

Қылмысын жасыру үшін ер адам үйді өртеп, қашып кеткен. 

Алайда сотталушының қылмысы мұнымен аяқталған жоқ. Бір аптадан кейін Палтуев мас болып, үйге бара жатқан бейтаныс әйелге шабуыл жасаған.

"Жылу трассасында ол 23 жастағы әйелге шабуыл жасап, ұрып-соғып, тонап, зорлап, өлтірген. Сол күні жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдікті ұсталды", - деп түйіндеді полиция.

 

STAN.KZ
Жұма, 30 Қазан, 2020 15:10
Талқылау