Алматыда "Алтын Орда" аумағындағы жолайрық жыл соңына дейін ашылатын болды
"Алтын Орда" аумағындағы он жолақты жол қозғалысын 2020 жылдың соңында ашу жоспарлануда. Бұл туралы "Қазавтожол" баспасөз қызметінде мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматылықтар "Алтын Ордадағы" жолайрық құрылысына байланысты көлік кептелісіне шағымдарын жалғастыруда. Желідегі парақшаларда түрлі видеолар тарап, жүргізушілер өз наразылықтарын білдіріп жатыр.
Аталған жағдайға байланысты "Қазавтожол" түсініктеме берді.
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір учаскеде жүру бөлігін кеңейту, су бұрғыш орнату, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін және борт тастарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
"Учаскеге коммуникацияларды тасымалдау үшін бір қосалқы мердігерлік ұйым тартылды, бір асфальт-бетон зауыты, екі бетон-араластыру торабы және ұсақтау-сұрыптау қондырғысы жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың соңына дейін учаске бойында қозғалыс ашу, жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін және жасанды құрылыстарды аяқтау жоспарлануда", - деп атап өтті кәсіпорында.
Ескн сала кетейік, 2017 жылы салынған он жолақты автожол мен жол айрықтары 2019 жылы тапсырылуы керек еді, бірақ бірқатар себептерге байланысты құрылыс ұзаққа созылды. Олардың бірі екі жанармай құю станциясының иесімен соттың болуы. ЖҚС осы жылдың наурыз айында ғана сатып алынды.
Кейін "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Алматы ҚФ директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаев құрылыстың 2021 жылға дейін толық аяқталатынын айтты.
Айта кетейік, бұл жол Алматы - Бішкек тас жолының бір бөлігі болып табылады. Жұмыстар 786-дан 790-шақырымға дейінгі аралықта жүргізілуде. Жобада қоғамдық, жергілікті және транзиттік көлік үшін жолды 10 жолаққа дейін (бес бағыт бойынша екі бағытта) кеңейту, эстакадасы бар бұрылу сақинасы, "таға" түріндегі бұрылу эстакадасы және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу көзделген.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
