Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы автотұрақтар қала меншігіне қайтарылды

Алматыда "Алматы тұрағы" бірыңғай операторы құрылды. Бірақ жаңа коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бағдарламалық жасақтамасы толық іске қосылғанша, бұған дейін қаладағы автотұрақтарды басқарған А-паркинг жұмысын жалғастырады. Осы кезеңде жиналған барлық ақша бір оператордың шотына түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Автотұрақтарды іске қосу әр аудан бойынша жеке, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алғашқысы Медеу ауданында өтеді. Одан әрі – Алмалы, Бостандық және басқа аудандарда жалғасады.

Бүгінгі таңда тротуар типті ақылы автотұрақтардағы жерлерді қайта рәсімдеу жұмыстары аяқталып, Медеу ауданында жаңа операторды көрсететін ақпараттық тақтайшаларды ауыстыру жұмыстары басталды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Ақпараттық белгілер аймақ нөмірін, тұрақ уақытын және төлем әдістерін көрсетеді. Жаңа белгілер мен белгіленбеген аймақтарда төлем уақытша алынбайды.

Талқылау