Алматылық алаяқ тұрғындарды 130 миллион теңгеге алдап кеткен
Алматыда алаяқ тұрғындарды күдікті жобаға инвестиция жасауға шақырған. Қазір 51 жастағы күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
10 жапа шегушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 130 миллион теңге. Полицейлердің дерегіне сәйкес М. есімді 51 жастағы әйел адам тұтқындалған.
"Қылмыстық кодекстің 190 бабы, 4 бөлім, 2 пунктіне сәйкес күдікті деп табылған. Соттың шешімімен уақытша қамау изоляторына қамалды. Анықталғандай, күдікті инвестициялау бойынша жалған ЖШС ашып, туысының атына тіркеген. Әйел адам туыстары мен таныстары арқылы адамдар жинап, таныстырылымдар өткізген және ақшалай түрде табыс табуға уәде берген. Ол жапа шегушілерге ай сайын салынған қаржының 10% төлеп тұратынын айтқан. Сенімділік үшін компания атынан жалған келісім шарт жасасып, сенімхат арқылы зардап шеккен тұрғындардан 500 мыңнан 50 млн теңгеге дейін ақша алған", – деп мәлімдеді Әуезов аудандық Полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
