Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Әл-Фараби, Абай, Сейфуллин даңғылдары мен Төле би көшеcі жөнделеді

Биыл жөнделетін Алматы көшелерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары кезінде ұзындығы 200 км-ден асатын 230 көшені қамтылады. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінген. 

Орташа жөндеу жолдардағы зақымдалған жерлерді түзеу, тозған жоғарғы қабаттарды қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстарды қамтиды.

Жөнделетін көшелер тізімі:

  1. Әл-Фараби даңғылы Достык СО-нан Әл-Фараби Торайғыровқа дейін Әл-Фараби Esentai Mall ССО жанындағы айналмалы тоннелдерді қоса
  1. Абай даңғылы Тілендиев көшесінен Достық даңғылына дейін;
  2. Тілендиев көшесі Сәтбаев көшесінен Райымбек даңғылына дейін;
  3. Байзақов көшесі Тимирязев көшесінен Райымбек даңғылына дейін;
  4. Тұрғұт Өзал көшесі Сәтбаев көшесінен Төле би көшесіне дейін;
  5. Саин көшесі Бак бойындағы көшеден Монке би көшесіне дейін;
  6. Төле би көшесі Байтұрсынов көшесінен Назарбаев даңғылына дейін;
  7. Манас көшесі Сәтбаев көшесінен Жамбыл көшесіне дейін;
  8. Шаляпин көшесі Береговой көшесінен Әшімов көшесіне дейін;
  9. Сейфуллин даңғылы Рысқұлов даңғылынан Алматы-1 теміржол вокзалына дейін.

Сонымен қатар, аялдама кешендерін жөндеу жоспарлануда.

Алматыда биыл жөнделетін көшелердің толық тізімін мына сілтеме бойынша көруге болады.

“Жұмыстарды мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін бастау жоспарлануда. Магистральдық көшелерді орташа жөндеуді 27 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда, ал аудандық маңызы бар көшелер 30 қазанға дейін жөнделеді. Жұмыстар басталар алдында әр көше бойынша жұмыстарды жүргізудің жоспарланған мерзімдері бар тізімдер жарияланатын болады”, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында. 

Еске салсақ, бұдан бөлек Алматыда шұңқырларды бітеу, люктерді көтеру, жарықтарды жабу және басқа да жұмыс түрлері жүргізілетін болады. Осы мақсатқа қалалық бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінді. Бұл жөндеумен жұмыстарымен 350 мың м2 астам аумақты қамту жоспарлануда, сондай-ақ 30 км тротуар мен 40 аялдама кешені жөнделеді. 

Талқылау