AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айырбастау пунктіне 80 мың доллар өткізген алматылық қыз ақшасынан айырылып қалды

Семей тұрғыны алаяқтық жолмен алматылық қыздың 80 мың долларын алып, қашпақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, алаяқ Алматыға Семейден келген. Ол ақша айырбастау орнын жалға алып, валюта айырбастау туралы хабарландыру жариялаған.

"Оның құрығына бірінші болып Алматы тұрғыны түскен. Жексенбіде кездесетіні туралы келіскен. Кейін бойжеткен белгіленген орынға келіп, оның қолына 80 мың долларды ұстатқан. Ер адам ақшаны айырбастаймын деген сылтаумен басқа бөлмеге кетіп, қосалқы есіктен қашып кеткен", – дейді Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Полиция өкілінің сөзінше, 1985 жылы туған күдікті Өскемен әуежайында ұсталып, қамауға алынды.

"Соталды тергеп-тексеруді жүргізу Медеу аудандық полиция басқармасының тергеушілеріне тапсырылды", – деді Рустам Әбдірахманов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр