Алматыда "Ақкент" тұрғын үй кешені ғимаратындағы лифттер қайғылы оқиғадан төрт күн бұрын тексерілген
Алматыда "Ақкент" тұрғын үй кешені ғимаратындағы лифттер қайғылы оқиға орын алардан төрт күн бұрын тексерілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Тұрғын үйдегі лифттерге келетін болсақ, Mitsubishi маркалы лифтілер 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мемлекеттік нөмірі L15-269 және L15-270. "AG MELKO Elevator Kazakhstan Company" ЖШС лифт компаниясы қызмет көрсетеді. Лифттерді соңғы техникалық байқау 2023 жылдың 27 шілдесінде жүргізілді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда "Ақкент" тұрғын үй кешенінен өрт шығып, тұрғындар балаларын терезеден лақтырғаны туралы жазған едік.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн