Алматыда «Ахмет Байтұрсынұлы тұлғасы және ахметтану» семинары өтті
Республикалық көлемде кеңінен аталып өтіп жатқан Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Жобалық кеңсесі бірқатар іс-шаралар өткізуде.
Солардың бірі - жастардың зор қызығушылығын тудырған - «Ахмет Байтұрсынұлы тұлғасы және ахметтану» тақырыбындағы семинар болды. Ұлы ұстаз атындағы Тіл білімі институтында өткен семинарға жас ғалымдар мен журналистика және филология магистранттары, тіл мамандары және оқырман жастар қатысып белсенділік танытты.
Семинарда Байтұрсынұлының ғылыми-саяси, тілдік және шығармашылық тұлғасы талданып, ұсынылған ғылыми жобалар мен талдаулар тыңдаушылар арасында мазмұнды сұхбаттар туғызып, әсерлі пікір алмасуларға ұласты.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн