AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %
AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %

Алматыда ағашқа шығып, түсе алмай қалған мас ер адам жұрттың күлкісіне қалды

Алматыда мас ер адам ағашқа шығып, қайта түсе алмай қалды. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, қолданушылардың көңілін көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрлардан ер адамға көмектесу үшін полицейдің көтерілгені көрінеді. Ол ер адамды тартып, кейін төменге қарай итеріп жібереді. Бұл уақытта өзге полицейлер мен құтқарушылар, ерікті азаматтар құтқару брезентін ұстап тұрды.

Видео желі қолданушыларын күлдірді.

"Ол көгершіндермен дауласқан. Бұрын мысықтарды құтқаратын еді, қазір мас адамдарды. Жер жетпей қалған ау? Өрмекші адам. Ішіп алып өзін құспын деп ойлаған шығар. Ол адамда нелерің бар, жай ғана ағашта отырғысы келген шығар", - деп жазды желідегілер.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 3 маусым күні болған. Әуезов ауданы ПБ кезекші бөліміне 3-ықшамаудан, 20-үйдің жанында белгісіз ер адам мас күйінде жүргені туралы қоңырау түскен.

"Оқиға орнына барған учаскелік инспекторлар ақпаратты растады. Ер адам жүрмеген, ағашта отырған. Оның жеке басы бірден анықталды - азамат Б., 1972 жылы туған. Мас адам бірнеше рет құлауға тырысты. Адамдар олай жасамауға көндіріп жатқанда, учаскелік инспектор - полиция капитаны Әділет Шегебаев формасының жейдесін шешіп, жоғарыға көтеріліп, ер адамды өзіне тартты. Осы кезде азаматтар тентті созып, адамды ұстап алуға дайын болды", - деді Әуезов аудандық ПБ бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілхайыр.

Ер адамды сот-наркологиялық сараптамаға алып келді, оның мас екені ресми түрде расталды. Әрі қарай айыпталушы полицияға жеткізілді. Ер адамның неге мұндай әрекетке барғаны анықталады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр