Алматыда ағаш бұтағы құлап, бір қыз қаза тапты
Фото: Almaty.suntimes
Алматыда ағаш бұтағы құлап, бір адам қаза тапты. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға 13 тамыз күні түскі сағат 12:00 шамасында "Қарасай паркі" тұрғын үй кешені маңындағы Әди Шәріпов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болған. Мәліметке сәйкес, сынған ағаш бұтағы қыздың үстіне құлап, ол сол жерде жан тапсырған.
Оқиға болған жер қазір қоршауға алынған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Марқұмның аты Татьяна. Ол жақын маңдағы кеңседе есепші болып жұмыс істеген. Оқиға кезінде ол әріптесімен бірге кеңсеге қайтып келе жатқан. Екінші қыз қашып үлгерген, ал бұтақ Татьянаның үстіне құлаған. 27 жастағы марқұмның артында алты жасар баласы мен күйеуі қалды.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген