Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қылмыстық топ тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлап, оларға несие алдырған (видео)

Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: кадрдан скриншот

Күдіктілер жәбірленушілерді алдап, оларға қайтарымсыз несие рәсімдеткен. Арнайы жалға алынған коттеджде қамауда ұсталған 29 адам анықталды. Оларға келтірілген шығын 200 млн теңгеден асады.

“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдер бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамауға алынды. Заттай дәлелдер тәркіленіп, тергеу амалдары жүріп жатыр. Басқа да ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды”, – деді департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 1 сәуірде Ақтау қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстағанын мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, оның тұрғылықты жерін тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынған.

Талқылау