AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда адам сатпақ болғандардың 7 жағдайы тіркелді

Алматы қалалық Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері адам саудасына қатысты жеті қылмыстық құқық бұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz басылымы мәліметінше, бес факті атап өтілген: жезөкшелікпен айналысуға арналған орындарды ұйымдастыру мен жүргізу, бір кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікке тарту және бір жаңа туған баланы сатуға әрекет жасау”, – дейді Алматы қаласы ІІД Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Смағұлов.

Бұл фактілер бойынша қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

“Адам саудасының құрбаны әркім болуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, тіпті кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен сәбилер де қорғалмаған", – деді Смағұлов.

Ол адам саудасымен күресте қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың маңызды рөлін атап өтті.

Атап айтқанда, полиция қызметкерлері мен "Родник" қоғамдық қорының өкілдері Көші-қон қызметі орталығының базасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. "Мен адам саудасына қарсымын" акциясы аясында қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, тәжік тілдерінде ақпараттық материалдар таратылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр