Алматыда Абай күні тойланып жатыр
1845 жылы 10 тамызда қазақ әдебиетінің негізін салушы, көрнекті мәдениет қайраткері Абай Құнанбаев дүниеге келді. Үкімет қаулысымен 2020 жылдан бастап 10 тамыз Абай күні болып жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.
Елімізде Абай Құнанбаевқа арналған іс-шаралар өткізіліп жатыр. Алматыдағы Абай күніне арналған шара ұлы ақын, ағартушы ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды.
"Абайдың шығарамашылығын әрбір қазақстандық білуі тиіс. Мен Республика сарайының жанында тұрамын және таңертең және кешке Абай ескерткішінің жанында жиі серуендеймін. Оның аяғындағы баспалдақ тақталарды балалардың спорт алаңына айналдырғанын көргенде жүрегім ауырады. Ұлдар мен қыздар мұнда велосипедтерде, роликтерде және скейтбордтарда трюктар жасап жатады. Осындай оқиғалардың біріне куә болған бір күні полицияға хабарласып, болған жағдайды айттым. Алайда маған тонау мен зорлық әрекеттері болмаса қылмыстың да болмайтынын жеткізді. Мен бірнеше рет экстремалды спортты сүйетін жастарға ескерткіштің кімге арнап қойылғанын сұрадым. Мен олардан дұрыс жауап күткен жоқпын, тіпті балалардың бірі бұл Юрий Гагариннің ескерткіші шығар деп те айтты. Алайда тұғырда есімі жазылған тақта тұр. Ешкім оған үңіліп, оқығысы келмеген. Егер біз дер кезінде ақылға келмесек, тұтас ұрпақтан айырыламыз!", - дейді гүл қою рәсіміне келген жазушы Қуандық Түменбаев.
Мереке қазақ халқының дарынды перзентінің есімімен аталатын метро станциясында жалғасты. "Алатау" метросында дәстүрлі өнер театрының әртістері музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен Абай шығармаларын орындады.
"Абай жай ғана композитор, ақын және ағартушы емес. Оның өнеріне баға жетпейді. Мен бес жасымнан бастап домбыра тартамын, осы кезден бастап Абай шығармалары ешкімді бей-жай қалдырмайтынын байқадым. Және таң қалатындай ешнәрсе жоқ, өйткені ол оны жанымен және жүрегімен жаратқан!", - деп атап өтті әнші әрі музыкант Диас Мұратхан.
Алматы мұражайында Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығы қорындағы жәдігерлер қойылған уақытша көрме ашылды. Ал сағат 17.00-де "Алатау" театрының сахнасында "Күн артынан күн туар" концерті өтеді. Хор мен оркестр ұжымы мәдени мұра қазынасына енген "Көзімнің қарасы", "Айттым сәлем, Қаламқас", "Татьянаның әні", "Қараңғы түнде тау қалғып" өлмес туындыларымен талғампаз көрерменді бағдарламамен қуантады. Әртістердің өнер көрсетуі барысында көрермендер экраннан ақынның туған жерлеріне жасаған сапарларынан бейнематериалдарды көріп, мұрағаттық мұражай материалдарымен және құжаттарымен танысады.