Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 800-ден астам бала пневмониямен ауырды

Алматыда 800-ден астам бала пневмониямен ауруханаға түсті. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтты.

Арыстағы жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты

«806 бала пневмониямен ауырып, ауруханаға түсті», - деді Жандарбек Бекшин.

Ол сонымен қатар пандемия басталғаннан бері Алматыда COVID-19-бен ауырған 14 144 науқас тіркелгенін айтты. Бүгін 15 науқас тіркелді.

«Коронавирустан қайтыс болғандар саны - 252. Барлығы 12 701 адам сауығып кетті, бұл барлық науқастардың 90 пайызын құрайды», - деді дәрігер.

Естеріңізге сала кетейік, педиатр Шалхар Халитов дәрігерлерді үрей туғызбауға және тұрғындарды қорқытпауға шақырған болатын.

STAN.KZ
Жұма, 28 Тамыз, 2020 06:46
Талқылау