Алматыда 6 келі салмақпен алып бала өмірге келді
Алматыда 6 келі салмақпен қыз бала өмірге келді. Дәрігерлер сәбидің салмағы 6 келіден асады деп күтпеген. Сәбидің анасы Инабат Қостанбай 23 жаста, сәбиін табиғи жолмен өмірге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлер жаңа туған нәрестенің салмағы әдеттегіден артық болатынын түсінген, бірақ бұл көрсеткіш 6 келі 20 грамм болады деп ойламаған.
“УДЗ бойынша ұрықтың төрт келіден жоғары екенін көрдік, бірақ УДЗ арқылы нақты салмағын анықтау мүмкін емес. 4290 келі деп болжадық. Біз кесар тілігісіз әйелді өзін босандыруға шешім қабылдадық. Табиғи босануға ұсынылмайтын белгілер бар. Біздің жағдайда мұндай белгілер болған жоқ. Дәрігерлр әйелдің бірінші баласының салмағы да 4 келі 50 грамм болып өмірге келгенін ескерді”, – деді Алматы қаласындағы №2 перзентхананың неонатология бөлімінің меңгерушісі Диляра Сыртанова.
Босанғаннан кейін қыз бала жансақтау бөлімінде он күн бойы дәрігерлер мен медбикелердің тәулік бойы бақылауында жатты. Келесі тоғыз күн бойы ол анасымен бірге неонаталдық бөлімшеде бақылауда болды.
“Мұндай жағдайлар біздің перзентханада ғана емес, қалада өте сирек кездеседі. Қазіргі уақытта анасы мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы, олар үйлеріне шығарылды”, – деді Диляра Сыртанова.