Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 5 жасар баланы ұрламақ болған ер адам видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның 5 жастағы баланы ұрламақ болғаны түсірілен видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео авторының сөзінше, оқиға 10-шы шілде күні болған. 

"Балалар алаңында айналып жүрген бөтен еркекті көршісі байқаған. Кейін ол балалардың бірін дүкенге баруға шақырған. Баланың көршісі бұл жағдайдан күдіктенген, осылайша әйел олардың артынан ілескен. Ер адам оны көріп, ұл балаға шөптердің арасына тығылып, оны сол жерде күтуді бұйырған. Ол бейнекамераға түсіп қалған", - делінген желідегі жазбада.

Баланың ата-анасы полицияға арызданған. Көп ұзамай күдікті ұсталған, бірақ бір күннен кейін істі жауып, түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін ер адамды босатып жіберген.

"Арыз 10 шілдеде жазылды. 1961 жылы туған адам ұсталды. Жергілікті тұрғын балаға су әпермек болған. Оның қандай ойы болғаны тергеу барысында анықталады", - деді қалалық полиция департаменті өкілдері.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty) on

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр