Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 4 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды

Алматыдағы Дөнентаев көшесінен төмен Лавренев көшесінің бойында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жүргізушілердің айтуынша, Volkswagen Passat, Mitsubishi Galant және BMW автокөліктері Лавренев көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан.

Дөнентаев көшесінен төменде Mazda 323 жүргізушісі бұрылыс жасамақ болып, төтенше жағдай тудырды, дейді куәгерлер.

Соқтығысуды болдырмау үшін Mitsubishi Galant жүргізушісі тежегішті басып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Hyundai Accent-қа соғылды. Осыдан кейін Hyundai жүргізушісі рульді басқара алмай, Volkswagen Passat-қа соғылды, содан кейін көлік BMW-ні ұрды.

Жедел жәрдем келгеннен кейін апаттан зардап шеккендердің барлығын қарап шықты, ешкімге ауруханаға жатудың қажеті болмады.

Полиция қызметкерлері апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Талқылау