Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 32 жастағы әйел 10-қабаттан секіріп кетті

Алматыда 32 жастағы әйел 10-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Экпресс К” басылымына сілтеме жасап. 

секіріп кетті

Сурет: exk.kz сайтынан

Басылым мәліметінше, оқиға қаладағы “Алма Сити” тұрғын үй кешенінде болған. Куәгерлер сөзіне сенсек, әйел анасы супермаркетке шыққан кезде жоғары қабаттан секіріп кеткен. 

Қазіргі таңда оның мұндай қадамға не үшін барғанын арнайы тергеу тобы анықтау үстінде. 

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі марқұмның 1990 жылы туған азаматша екенін мәлімдеді. Қазіргі таңда тұрғынның өлімі бойынша ҚР ҚК-нің 105-ші "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша іс қозғалған. 

Талқылау