Алматыда 25 мамырдан бастап ХҚКО мен дәмханалар ашылатын болды

Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағындықов 25 мамырдан бастап іске қосылатын нысандарды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2019 жылы 8 ХҚКО қызметкері соққыға жығылған

"18 мамырдан бастап туризм, ұялы байланыстың абоненттік бөлімдері, банк бөлімшелері, қаржы секторы толық ашылды. 25 мамырдан бастап карантин режимін жеңілдету аясында қаладағы барлық сауда үйлерін, сауда ойын-сауық орталықтарын ашуды жоспарлап отырмыз. Қалада осындай 140 нысан бар екен. Сонымен қатар, мейрамхана, дәмханалар да ашылады", - Қанат Сағындықов.

Сөзінше, ашылайын деп жатқан ұйымдарға келетін адамдардың санына шектеу қойылмайды.

"Ең бастысы - санитарлық талаптар толық орындалуы тиіс. Үстелдердің арасы 2 метрден кем болмауы керек. Бір үстелге бір отбасының 4 адамы ғана отырғаны абзал. Қоғамдық тамақтану орындары 23:00-ге дейін ғана ашық тұрады. Бірақ банкет, той жасауға тыйым салынады. Бұл ашық типтегі базарларда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сенбі күні аудит болады. Одан бөлек қаладағы барлық қонақ үйлер, ХҚО ашылады», - дейді басқарма басшысының орынбасары",- деп қосты ол. .

Бұған қоса ол жаңа талаптарды қайда білуге болатынын айтып кетті. 

«Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ауданы 500 шаршы метрден асатын сауда орындарына қатысты талаптарды жариялады. InfoAlmaty.kz сайтында бәрі жазылған», - деді басқарма басшысының орынбасары.

Қанат Сағындықов қаладағы нысандардың жұмысын бастау үш кезеңге бөлінгенін тағы да ескертті. Яғни, бірінші кезеңде сауда ойын-сауық орталықтарында бутиктер, мейрамханалар, химилық тазалау орындары ашылса, екінші кезеңде - қоғамдық тамақтану орындары, яғни фудкорт, үшінші кезеңде - кинотеатрлар, ойын-сауық алаңдарының қызметі жанданады екен.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр