Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 24 жастағы келіншек үшем дүниеге алып келді

2021 жылы 26 мамыр күні Алматы қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері 24 жастағы аяғы ауыр келіншекті қабылдап, түскі уақытта үшемді босандырып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сәбилер мерзімінен бұрын 910 грамм, 930 грамм және 980 грамм аралығында шала туылған, бірақ дәрігерлер осы үш қыздың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

Дүниеге келген үшем реанимация бөлімшесінде жатқызылды. Реанимациядан кейін қарқынды терапия бөлімшесінде ем алды. Күту кезеңі оң динамикасын көрсеткен соң жаңа туған нәрестелердің жағдайы тұрақталып, жалпы бөлімшеге ауыстырылды.

Қазіргі уақытта босанған әйелдің және 3 қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Жас ана мен үшемдер 47 күннен кейін Перинаталдық орталықтан үйлеріне шығарылды. Алдағы уақытта балаларды отбасының тұрғылықты жері бойынша емхананың дәрігерлері қадағалайтын болады.

"Алғаш үшем екенін білген кезде аздап қорқыныш болды. Сәбилердің жынысы маңызды болмады. Босанғаннан кейін сәбилерді бірден реанимацияға алып кетті, дәрігерлер өте жақсы қарады. Реанимация бөлімшесінен  10-15 күн аралығында бірінші екі қыз шықты, содан кейін Сезімді шығарды", – деді жас ана Айым Сағатбек. 

"Жалпы қыздардың денсаулықтары жақсы, сүтті өз беттерімен еміп, қазіргі таңда бірінші нәресте 930 граммен туылып, 1935 граммен шығып жатыр. Екіншісі 9801 граммен туылып, 2009 граммен шығып жатыр. Үшінші нәрестеміз 910 граммен туылып еді, 1730 граммен шығып бара жатыр", – деп қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігерініің орынбасары Ботагөз Арынова айтып берді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 13 Шілде, 2021 11:55
Талқылау