Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 24 жастағы досын буындырып өлтірген қылмыскерді 1 жылға ғана бас бостандығынан айырды

Алматыда 24 жастағы жігіттің өмірін қиған адамды сот небәрі 1 жылға ғана бас бостандығынан айырған. Алайда, судьяның бұл шешіміне марқұмның ата-анасы наразы. Қайғыдан қан жұтқан жандардың уәжінше, ұлдарын бес адам жабылып ұрып, артынша буындырып өлтіріпті. Бірақ, тергеу  бұған көз жұмған жігіттің досын ғана кінәлі деп тапқан екен. Сот та онымен келісіп, осындай жаза кесіпті. Бұған шамданған жәбірленуші тарап әділдік іздеп Жоғарғы сотқа дейін барамыз дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматылық Шыңғыс Тұрысбеков биыл көктемде өзгенің қолынан көз жұмған. Туыстарының айтуынша, сәуірдің 12-сінне 13-іне қараған түні жұмыстарымен таныстарына кетіпті. Кейін оның денесі қаланың қақ ортасындағы жертөледен тапбылыпты. Ата-анасы баламызды бес адам жабылып ұрып өлтірді деп отыр. Ұлдары күдіктілердің бірімен көп жылдан бері дос болыпты.

 "Есі дұрыс адамдар, университет бітірген жігіттер. 24-25 жастағы балалар түсінбейді ме, мойнын қатты қылқындырса өлтіріп тастайтынын?. Күзетші көріп айтқан да: тізерлеп төртеуі аяғынан-қолынан төртеуі ұстап тұрған, біреуі қылқындырған", - деді марқұм Шыңғыс Тұрысбековтың анасы Эльмира Айсабаева.

Сараптама қортындысы марқұмның қылқындырудан көз жұмғанын көрсеткен. Ал қылмыс жасады деген күдікке марқұмның досы іліккен. Алайда алғашқы сот адам өлтіру абайсызда болды деген қортынды жасап, сезіктіні бір жылға бас бостандығынан айырыпты. Соттың мұндай қортындысымен келіспеген жәбірленуші тарап, апеляциялық шағым түсірген.

"Дәулет Дәнекер жәбірленушінің арт жағынан тамағын қысып ұстап тұрғаны сотта анықталды. Бірақ, сотталушының қылмысы дұрыс сараланбаған. Яғни, абайсызда адам өліміне алып келді деп көрсетілген. Сот-медициналық сараптама жүргізген сарапшы Руслан Хасанов жәбірленушінің өлімі оның мойнынан қылқындыру кезінде болғанын айтып берді. Өкпесіне ауа жетпей қалғандықтан көз жұмған",  - деп мәлімдеді жәбірленуші тараптың адвокаты Ескендір Әлімбаев.

Қорғаушы күдікті марқұмды абайсызда емес, қасақана өлтірген деп отыр. Шыңғыс демі бітіп, көз жұмғаннан кейін де күдікті оны тағы бірнеше минут қылқындырып ұстап тұрған. Мемлекеттік айыптаушы қылмыс жасаған Дәулет Дәнекерді 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрапты. Ал күдіктінің туыстары болса, оны ақтау туралы өтініш білдірген. Нәтижесінде күдікті небәрі 1 жылға сотталған. Шағым түскенімен, апеляциялық сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

"Қылмыстық кодекстің 99-бабыгның 1-тармағы бойынша сот шешімінің күшін жойып, жаңа қаулы шығаруға негіз жоқ. Дәулет Дәнекерді 104-баптың 1-тармағы бойынша соттау негізді және заңды", - деді судья Бекен Ахмедиев.

Марқұмның туыстары соттың шешімімен мүлдем келіспейді. Енді әділдік іздеп Жоғарғы сотқа шағымдануды көздеп отыр. Ұлымызды өлтірген бір ғана адам емес, бәрі де тиісті жазасын алуы керек дейді. Ауыр қылмысқа дейін тай құлындай тебісіп өскен екі дос жертөлені жалға алып, ортақ кәсіп ашуды көздеген екен.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда ер адам үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды бесінші

Жігіт әйелімен ұрысып қалған

Полиция қызметкері қаруланған ер адамнан отбасын құтқару кезінде қаза тапты

Ер адам отбасын пышақпен қорқытқан

Әлемге әйгілі дәрігер ұзақ өмір сүрудің жолдарын айтты

Ол миға салмақ салмауға кеңес берді

DVD ойнатқышы үшін баланы бауыздап тастады: Қарағанды ​​облысының тұрғыны көршісінің қызын өлтіргені үшін сотталып жатыр

Ата-анасы үш жасар қызды көршісіне қарай тұруға тастап кеткен

Белгісіз дертке шалдыққан ақтөбелік арудың жағдайы нашарлап бара жатыр

Ақтөбелік келіншекке дәрігерлер бірнеше жылдан бері дұрыс диагноз қоя алмай келеді

Жиырма жылын жұмсаған: Ер адам өз қолымен құрастырған ұшақты сыйға тартты

Үш қабатты ұшақтың ішінде бірнеше қонақ бөлме, жатын бөлме бар

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамды атады

Бұл жолы Amazon компаниясының басшысы рейтингтегі бірінші орнын француздық бизнесменге берді

Алматыда қисайып қалған үйдің тұрғындары пәтерлеріне оралады: зерттеу қорытындылары пайда болды

Үш айға созылатын жөндеу жұмыстарынан соң, үй иелеріне қайтарылады

Үйден емделуге кеңес берген: Елордада 8 жасар бала қайтыс болды

Дәрігерлер баланы ауруханаға алып барғанда үйге қайтарып жіберген

СҚО-да ер адам балаларының көзінше әйелін аяусыз сабап өлтірген

Екі рет сотталған, жұмыссыз болған ер адам әйелінің есебінен күн көріп келген
Çàãðóçêà...