Алматыда 21 жастағы қыз ұйықтап жатып көз жұмды
Жақында әлеуметтік желілерде Алматыда 21 жастағы Милена Төлеубекованың көз жұмғаны туралы ақпарат пайда болды. Қыз кешке үйіне қайтып келіп, әдеттегідей ұйықтауға жатқан, бірақ сол күйіе оянбапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Плохие новости" парақшасының жазуынша, бойжеткен ұйықтап жатқанда жүрек талмасына ұшыраған. Марқұмның туыстары бұлай болады деп мүлдем ойламаған сыңайлы.
Сөздерінше, қыз өзінен көп нәрсені талап еткен. Ол соңғы кездері "Мықты бол, әйтпесе сен ешкім емессің" деген ұстанымда болыпты.
Милена әдемі жерлерге саяхаттауды ұнатыпты және осы жаз ерекше болады деп күткен. Бірақ барлық жоспарын пандемия бұзылған.
Төрт қабырғада қалғанымен, қыз бос жүрмеген. Ол поэзия оқуды қолға алған. Бойжеткен ол ВКонтактеде жазылушылармен танымал ақындардың махаббат лирикасымен бөлісіп отырған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн