Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2020 жылы жоғалып кеткен ер адам дін аман табылды

Үш жыл бұұрын Алматыда жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ер адам

LIDER.KZ еріктілерінің мәліметіне сәйкес 1994 жылы туған Тойлыбаев Жәнібек Жанатұлы 2020 жылдың 20 қаңтарында жоғалып кеткен. Сол күні ол Әуезов ауданы, Мамыр-7 шағын ауданы, 8 үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері ер адамнан хабар болмапты. 

Бойы 175 см, дене тұрқы орташа, шашы қара, көзі қоңыр, ернінің астында меңі бар. 

Еріктілердің сөзінше, ер адам 30 желтоқсанда табылды. Желі қолданушылары да ер адамның бұл күнге дейін қайда болғанын сұраған. Алайда еріктілер бұл сұраққа жауап бермеді. 

Талқылау