Алматыда 2 жасар баланы көтеріп, жерге лақтырып жіберген жасөспірімге қатысты тергеу бастады
Видеодан скрин
Алматыда 2 жасар баланы көтеріп, жерге лақтырып жіберген жасөспірімге қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Ерлан мәлімдеді.
Бұған дейін Алматыда жасөспірім аулада ойнап жүрген 2 жасар баланы жерге лақтырып жіберген еді.
Полиция жасөспірімді дұрыс тәрбиелемегені үшін ата-анасына айыппұл салумен қатар қылмыстық іс қозғаған. Алайда істің нақты қай бап бойынша екені жарияланбаған еді. Бүгін қылмыстық істің "денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бабымен қозғалғаны белгілі болды. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
"Мен балалардың ата-аналарымен байланыстамын. Алматы қалалық психологиялық қолдау орталығында психологиялық көмек ұсынылды. Жәбірленуші тараптағы екі жасар балаға медициналық көмек көрсетілді, сондай-ақ әрі қарай да оңалту шараларынан өтеді. Қазір бала ата-анасының қасында, үйінде. 13 жастағы жасөспірім де ата-анасымен бірге үйінде. Өтініш, заңды өкілдерінің келісімінсіз жасөспірімнің фотосын таратпаңыздар", – деп өтінді Динара Ерлан.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда көшеден өтіп бара жатқан жасөспірім екі жасар баланы жерге бар күшімен лақтырып жібергені туралы жазған едік. Сәбидің қолы сынған.

Қоғам белсендісі Алматы көшелеріне төселген брусчатканың жеке қолға сатылып жатқанын әшкереледі: Алайда әкімдік олардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтып отыр
