Алматыда 166 мың оқушы бес күндік оқуға ауысады - Оқу-ағарту министрлігі
Алматыда бұрын сенбі күні де оқыған 166 мың оқушы мен 13 мың мұғалім бес күндік оқуға ауысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: Pixabay
Оңтүстік астанадағы 124 мектеп бес күндік оқуға ауысады деп жоспарланған. Сонымен қатар 16 мектептегі оқушылардың тек бірінші ауысымы ғана бес күн білім алады.
Солтүстік Қазақстан облысында 100% бес күндік оқуға өтпек. Аймақта барлығы 74 мың бала білім алатын 470 мектеп бар. Ал 254 мектеп, немесе 23 мың оқушы бір ауысымда ғана оқиды. Бұл оқушылар мен педагогтерге түсетін ауыртпалықты жеңілдету үшін жасалған.
Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері осы сынды мәселелер оқу жылын екі аптаға ұзартқан соң шешілгенін атап өтті.
"Сенбі мұғалімдер үшін ресми түрде демалыс күн болады, бұл әріптестерге сабаққа дайындалуға, отбасымен уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Мұнда оқушылар үшін де артықшылықтар бар, яғни бос уақыт көбірек болады. Біз бұл мәселені ерекше бақылауға алдық", – деді Асхат Аймағамбетов кеңес барысында.
Айта кетейік, Тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылдан бастап мектеп директорлары мен мұғалімдер аптасына бес күн ғана жұмыс істейтінін мәлімдеген еді.