Алматыда 16 тамыздан бастап демалыс күнгі локдаун алынады
ДСМ қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының орынбасары Садуақас Байғабұлов Алматыда демалыс күндердегі локдаун 16 тамызда аяқталатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның мәліметінше, келесі аптадан бастап қаладағы Ashyq жүйесінің қатысушылары Алматының бас санитар дәрігерінің қаулысына байланысты жұмыс істейді. Мегаполистегі демалыс күнгі локдаун 2 тамыздан 16-сына дейін созылған.
Айта кетсек, 14-15 тамызда, демалыс күндері бірқатар нысандар өз жұмысын тоқтатуы тиіс. Бұл шектеулер мына мекемелерге қатысты емес:
- орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары;
- құрылыс жұмыстарын, өнеркәсіп ұйымдарын ұйымдастыру;
- байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімдерді жөндеу, Тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілттерді жасау және басқалар);
- гүл дүкендері, фотосалондар;
- туркомпаниялар, бизнес-орталықтар;
- қызметтің жекелеген түрлері (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің қызметтері және басқалар).
- қоғамдық тамақтану объектілері тек алып кетуге және жеткізуге арналған.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”