Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 16 мыңнан аса нысанның сейсмикалық қауіпсіздігі тексеріледі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды. Сөзінше шілде айынан бастап қалада сейсмикалық аудит жүргізу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

алматы

Әкім сөзіне сүйенсек, 2017-2018 жылдары жүргізілген сейсмаудит қорытындысы бойынша қаланы кесіп өтетін 27 тектоникалық ақау тіркелген. Әрі соның бойында орналасқан 1 116 нысан тексеріліпті. Нәтижесін 362-сі сейсмикалық төзімді емес ғимараттар қатарына енген. Оның ішінде 251-і тұрғын үйлер. 

Енді әкімдік 2000 жылдан кейін салынған қаладағы 16 701 нысанға да толықтай сейсмикалық аудит жүргізуде жоспарға қойды. Жұмыстар шілде айында басталып 2024 жылы аяқталмақ. 

Оның ішінде 1 641 көп қабатты тұрғын үй кешені, 15 060 қоғамдық объект бар. 

“2023 жылы 20 млрд. теңгеге 16 әлеуметтік объекті сейсмикалық күшейтуден өтеді және 34 нысанды сейсмикалық күшейтуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Жаңа сейсмикалық аудит Алматы қаласы объектілерінің паспорттарын оның соңғы 5 жылдағы дамуын ескере отырып, жаңартуға мүмкіндік береді”, - деді Ерболат Досаев. 

Еске салайық, бұған дейін жыл сайын Алматы қаласынан 90 шақырым радиуста 200-300-ге дейін, ал 30 шақырымдық аумақта 50-100 әлсіз дүмпу тіркелетінін жазған едік.

Олжас Нұржақып
Бейсенбі, 22 Маусым, 2023 12:13
Талқылау
`