Алматыда 15 жолаушы ұшақтан шығудан бас тартты
Ақтау – Шымкент бағыты бойынша ұшқан ұшақ Шымкент қаласында әуежайдың ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
FlyArystan баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкентке ұшып шығу уақыты 6 сағатқа кейінге шегерілді.
"Алматыдан "Ақтау – Шымкент" КС7578 рейсін орындау үшін әуе компаниясына ұшақтың тиісті дайындығын жүргізу қажет. Алайда "деструктивті" жолаушылардың борттан түсуден бас тартуына байланысты аталған процедураны орындау мүмкін болмай отыр", - деп атап өтті жолаушылар тасымалы.
Әуе компаниясы рейс олардың кінәсінен кешікпегенін атап өтті.
"Алматыға ұшып келгеннен кейін жолаушыларды түсіру кезінде 15 деструктивті жолаушы ұшақтан шығудан бас тартты. Осыған байланысты қызметкерлер желілік ішкі істер бөлімін шақыруға мәжбүр болды", - деп мәлімдеді әуе компаниясы.
Кейінірек жолаушылармен болған проблема шешілген.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн