Алматыда 15 маусымда кинотеатрлар ашылмайды
Алматыда кинотетарлар 15 маусым ашылмайды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде бүгіннен бастап кинотеатрлар ашыла бастайды деген ақпарат таралып жатқан көрінеді. Осыған байланысты қаланың бас санитар дәріге мәлімдеме жасады.
"Ресми түрде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді. Алматыда коронавирустың өсімі бірқалыпты емес, сол себепті қала аумағында кинотеатрлардың жұмысын қайта бастау әлі қарастырылмайды", - деді Бекшин.
Айта кетейік, бүгінгі күні Алматыда 3113 адам індетке шалдыққан.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы кинотеатрлар 15 маусым күні ашылады деп айтылған болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”