Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 13 адамның өліміне әкелген хостелдегі өрт: Іс сотқа жіберілді

Алматы қаласының прокуратурасы 2023 жылдың 30 қарашасында 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты тергеудің аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Фото: Qaz365.kz

Қазіргі таңда іс сотқа жіберілген. Прокуратураның ақпаратына сәйкес, бұл оқиға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлімі “Екі және одан көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы бойынша қаралда.

"Екі адамға айып тағылды. Қылмыстық іс айыптау актісімен Алмалы ауданының сотына қарауға жіберілді", – делінген қалалық прокуратура таратқан хабарламада.


"Шара қолданбаса, мұндай жағдай қайталана береді": Алматыдағы хостелде қаза болған баланың әкесі билікке ренішін білдірді


Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексіне сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда өртенген хостелдің басшысы ұсталғанын хабарлаған едік. Сонымен қатар Алматы әкімдігі хостелде қаза болған қазақстандықтардың отбасына бір миллион теңгеден бөлетінін айтты. 

Талқылау