Алматы жолдарына тағы да 360-тан астам "Сергек" камералары қойылады
Алматының жолдарында 360-тан астам жаңа "Сергек" камераларын орнату жоспарлануда. Бұл туралы қалалық полиция бөлімінің бастығы Қанат Таймерденов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Таймерденовтың сөзінше, орнатылатын камералар қаладағы тәртіпті сақтап, енгізілген кейбір санитарлық ережелерді орындауды бақылауға көмек көрсететін болады.
"Бүгінгі таңда жедел жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті сақтауды, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Алматы қаласында құқық бұзушылықтардың алдын-алу үшін жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған "Сергек" сияқты бірқатар ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері пайдаланыланбақпыз. Олардың санын тағы 362 бірлікке көбейту жоспарлануда. Олар қаланың төтенше жағдай аймақтарында және жол қозғалысы ережелері жиі бұзылатын жерлерге орнатылады. Әкімшілік полиция басқармасы қазір арнайы сараптама жүргізді", - деді Алматы қаласы ДП басшысы Қанат Таймерденов.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн