Алматы "жасыл" аймақта: Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың "жасыл" аймаққа енуіне байланысты жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа құжатта бизнес нысандары екі блокқа бөлінген: Ashyq қосымшасына қатысатын және қатыспайтын нысандар. Супермаркет, азық-түлік сатпайтын дүкендер, азық-түлік сататын және сатпайтын базарлар, жабық базарлар бұл жүйеге қатыспайды.
Алайда аурудың таралу деңгейін ескере отырып, оларға шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
Жаңа қаулы бойынша, тұрғындардың қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте жүргенде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барғанда, сондай-ақ ашық аспан астында көпшілік орындарда болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды және ашық аспан астында спортпен айналысқанды қоспағанда) маска тағуға, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға және антисептиктерді қолдануға қатысты қойылатын талаптарын орындауын және оларға қызметіне рұқсат етілмеген нысандарға баруға тыйым салынады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 15 адамнан аспайтын топтарға баруға рұқсат.
Қоғамдық тамақтану орындары бойынша – егер мекеме Ashyq жобасына қатысқан болса, 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істей алады, толымдығы – 50 пайыз, бірақ 70 орыннан аспауы керек. Егер Ashyq жобасына қатыспаған болса, барлық шарт осындай, бірақ 50 орыннан аспауы керек.
Кинотеатр, театрлар мен концерт залдары Ashyq жобасына қатысқан болса 50 пайыз толымдықпен жұмыс істейді. Егер Ashyq жобасында жоқ болса 30 пайыз толымдықпен ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
Қаулы 19 маусымда заңды күшіне енеді.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
