AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғынын бір жылдан бері бұрынғы күйеуі соққыға жығып келеді: Әйел көпшіліктен көмек сұрады

Венера есімді Алматы тұрғыны Facebook әлеуметтік желісінде бұрынғы күйеуінің соққыға жыққанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі ажырасқалы бері бірнеше рет ұрып соққан. Бірақ заң дұрыс шара қолданбаған көрінеді.

"Маған көмектесіңіздерші. Мені жақында бұрынғы күйеуім өлтіреді. Бұл бірінші жағдай емес. Бір жыл бойы 4-5 рет сотталып шықса да, қоятын емес. Тек айыппұлдар мен ескертулер ғана алды. Тәтесінің қалалық сотта істейтінін пайдаланып жүр. Қазақстанда қашан коррупция мен туыстық байланыс жоғалады. Мен тіпті кімге барып шағымданарымды білмеймін. Барлығы бекер. Еш шара қолданбайтын заңмен алысып шаршадым. Тура есіктің алдында көршілер мен балалардың көзінше мені соққыға жықты. Барлығы көрді", – дейді әйел.

Бұдан бұрын болған оқиғаны “Не молчи” қорының жетекшісі Дина Таңсәрі айтып берді. Жәбірленушіні соңғы рет бұрынғы күйеуі еш ойланбастан балаларының балабақшасы жанында соққыға жыққан. 

"Қазір мені балабақшаның жанында бұрынғы күйеуім ұрды. Сейсенбіде ол үлкен қызымызды көз дәрігеріне апарған. Дәрігерден шамамен 15:00-де шығып, жолда 7 сағат бойы бұзылған көлігін жөндеген. Осы уақыт ішінде қызым көлікте қатты тоңып қалған. Сағат 22:30-да үйге аш күйінде жеткізді. Осы уақыт аралығындағы менің қоңырауларыма ол агрессиямен жауап берді. Сағат 19:40-та телефон өшіп қалды. Мен уайымдап, өзімді қоярға жер таппадым. Бала түні бойы ауырып, температурасы көтерілді. 3 күн балабақшаға бармады. Сәйкесінше демалыс күндері мен оған балаларды бермедім. Бүгін балабақшаның алдында ол мені көріп, жаныма келіп тоқпақтай бастады. Мен одан қашуға тырысқан сайын ол мені жұдырығымен ұра бастады", – дейді ол.

Бұдан кейін оқиға орнына полиция келген.

"Полиция менен "сіз түсіріп алдыңыз ба?" деп сұрады. Ол мені ұрып жатса қалай түсіремін дедім? "Қандай да бір күәгерлер бар ма?" деді.  Мен "иә" бар деп, көлігін соғып алған адамды көрсеттім. Ол болса отбасылық келіспеушілікке араласпайтынын айтып, кетіп қалмақ болды. Мен өлгенде әрең көндіріп, көргенін жаздыртып алдым. Полиция қызметкері тексеруге барасыз, бірақ сізде сынықтар жоқ деді. Мен не керек деймін? Қабырғалары сынып, көзім ағуы керек пе? Олар менің істі жаба салғанымды қалап тұр, елестетіп көріңізші?", – деп налыды әйел. 

Бүгінгі таңда Алматы полициясы оқиға бойынша істің қаралып, қажетті сараптамалар тағайындалатынын жеткізді.

"Аталған факті бойынша учаскелік инспектор 461-бап (қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін) бойынша, материал жинауда. Ертең іс Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілетін болады. Қосымша медициналық сараптама тағайындалады. Қорытынды бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады", – деді Медеу аудандық полиция бөлімшесінің бастығы Дәурен Өтебаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр