Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны жүргізушінің бетіне бұрыш сеуіп жіберген (видео)

Алматыда екі жүргізуші жолға таласып қалды. Жанжал кезінде алматылықтардың бірі жүргізушінің көзіне бұрыш сепкен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиғаға Анна Димитриева мен Олег Чернов куә болды. Олардың айтуынша, оқиға 17 қаңтар түстен кейін Желтоқсан мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында болған.

"Жанжал болды. Volkswagen Amarok жүргізушісі қарсыласының бетіне бұрышы бар балонды сепкен. Қылмыскер жайбарақат кетіп қалды, ал жігіт көліктен шығып, көзіне зақым келгендіктен, оны көлік басып кете жаздады" - деді Димитриевич.

"Көздері жұмылып тұрған еді. Ол көзі ашығаннан қатты айқайлады. Тіпті жүргізушіні көлік қағып кете жаздаған. Көмек көрсетпек болдық, біріміз кафеден су немесе сүт алып келуге кеттік. Жігіт ешнәрсе көрмей қалды, екі көзі қызарып, жағдайы нашар еді", - дейді куәгер. 

Бойжеткен оқиға болған жерге полиция мен жедел жәрдем 15 минут ішінде келгенін айтты. 

"Атаның полицейлерге бұрыш сепкенін көріп алған ол бұл жағдайдан осылай құтылып кетемін деп ойлаған болуы керек. Текке адамға зиян келтірді. Оның көзі күйіп қалуы мүмкін еді. Артынша маған зардап шеккен адам хабарласып, көздің екінші дәрежелі күйігі диагнозы қойылғанын айтты. Мұны жасаған адам жазасыз қалмайды деп сенемін. Бұл - бұзақылық", - деп жазды Анна Дмитриевич.

Кейінірек Алматы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді.  Тәртіп сақшыларының айтуынша, Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Күдікті анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Белгілі болғандай, бұл қылмыс жолда екі жүргізушінің арасындағы жанжалдың салдарынан орын алған. Қазіргі уақытта тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданатын болады", - деп атап өтті баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, егде жастағы алматылық тұрғын үйінің алдында полиция қызметкерлерінің бетіне бұрыш спрейін сепкен.

Талқылау