"Енді көлікті немерем айдайды": Алматы тұрғыны Jusan Bank өткізген акция аясында Tesla ұтып алды
Алматы тұрғыны Сәулье Ақпанбаева 18 қараша күні күтпеген жерден қуанышты жаңалық естіді. Екі ай бойы миллион теңге ұтып аламын деген үмітпен ол Jusan Bank-тің акциясына қатысқанын айтады. Алайда әйел "Игі істер үшін миллион ұтып ал!" науқаны аясында қаржылай ұтыс емес, бас жүлде – Tesla автокөлігінің иесі атанды.
58 жастағы Сәулье Ақпанбаева акция аяқталуға жақын қалып, барлық миллиондар өз иесін тапқанда ұтыстан үмітін үзіп те үлгерген. Бірақ жұма күні белгісіз нөмірден түскен қоңырау оның да, отбасының да өмірін өзгертіп жіберді.
"Жұма күні бөтен нөмірден қоңырау келгенін көріп, қорқып кетіп, телефонды бірден қызыма бердім. Ол сөйлесіп, бір күліп, бір жылай бастады. Өзім түсінбей қалдым. Содан бері ішімде әртүрлі сезімдер тоғысып жатыр: қуаныш, таңғалу, сене алмау, мақтану деген секілді", – деп бастады әңгімесін Сәулье.
Айтуынша, оны бұл акцияға қатысуға қызы мен немересі көндірген. Олардың өздері де қатысқан, алайда су жаңа автокөлік Сәульеге бұйырды.
"Жеке өзім осы кезге дейін ешнәрсе ұтып көрмеппін. Негізі миллион ұтып алайық деп бастағанбыз, бірақ мұндай ұтыс болады деп ойламадық та. Тіпті басында акцияның мәнін түсінбей, қатыспай қалдық", – дейді ол.
Сәулье өзі бұған дейін мүлдем көлік айдап көрмегенін айтады. Десек те, 80-жылдары “Жигули” көлігі болғанын, оны күйеуі айдағанын еске алады.
"Немерем 14 жасынан бері осы маркалы темір тұлпарды армандап келген. Биыл 18 жасқа толғанда несиеге бір кішкене көлікті алып береміз деп ойлап жүр едік. Бірақ ол "апа, маған Tesla ғана керек" деді. Енді ол жүргізуші куәлігін алған соң көлікті айдап, отбасымызбен бірге серуендеп, Медеуге барып тұрамыз", – дейді Сәуле.
Айта кетсек, бас жүлде ұтысына қатысу үшін банк клиенттері 20-дан аса тапсырма орындауы керек еді. Ал Сәулье олардың 41-ін орындаған. Оның бұл белсенділігін акция ұйымдастырушылары да байқаған.
"Сәуле бұл акцияның аса белсенді қатысушысы болды. Жалпы біздің клиенттердің барлығы бұл акцияны қолдап, оған тұрақты түрде қатысты. Солардың ішінде 63 адам 1 миллион теңгеден ұтып алды. Бір жағынан, олар біздің сервистерді қолдануды үйреніп, екінші жағынан игі істер жасап жарысты", – дейді Jusan Bank басқарушы директорының орынбасары Ғабит Нұркенов.
Ұйымдастырушылар акция жақыныңа көңіл бөлу, қарапайым әрекеттердің арты үлкен қуанышқа ұласуы мүмкін екенін ұғындыру үшін жасалғанын айтады.
Акция кезінде миллионер атанған 63 азамат досына кофе алып беру, таксиге тапсырыс беру немесе ұялы байланыс ақысын төлеу деген секілді қарапайым тапсырмалар орындаған. Қаржылай сыйлық пен Tesla автокөлігінен бөлек, Jusan Bank науқанның ең белсенді 10 қатысушысына естелік сыйлықтар табыс етті.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.