Алматы тұрғыны 45 жыл бойы тізесіне кірген инемен жүрген
Алматы тұрғыны 45 жыл бойы тізесіне кірген инені сезбей жүрген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттгі.
Орталық қалалық клиникалық аурухана осынша жыл бойы оң жақ тізе буынында тігін машинасының инесі кірген әйелдің көмекке жүгінгенін айтты.
Әйел жарақатты бала кезінде алған. Алайда осы кезге дейін ешқандай ауырсынуларды сезінбеген.
"Тек биыл ғана ауру мазамды ала бастады. Күн сайын күшейіп, ақсақтық пайда болды. Сондықтан ауруханаға жүгіндім. Рентгенге түскен соң олар маған операция қажет екенін айтты", – деді науқас.
Кейін әйелге жарты сағатқа созылған бөгде денені алып тастау операциясы жасалды. Операциялық травматолог Дәулет Чукмановтың айтуынша, ине көп жылдар бойы дене ішінде қапталып, қалыңдап кеткен. Дегенмен ота сәтті өтті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”