AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғындары краннан "құрт араласқан" лас су ағады деп шағымдануда

Алматының Наурызбай ауданының тұрғындары краннан ағатын құрт араласқан лас суға шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәселеге қатысты "Алматы Су" мекемесі түсінік берді.

"Құрт араласқан лас су Наурызбай ауданындағы Таужолы ықшамауданында шықты. Суды ешқандай тазаламай, бірден өзеннен алатын секілді. Таужолындағы лас судан немесе таза судың жоқтығынан шаршадық. Бүкіл Наурызбай ауданы су мәселесі бойынша зардап шегуде", – делінген видеоға берілген жазбада.

"Алматы су" МКК мәліметінше, Таужолы ықшамауданындағы үйлерге "Алматы су" желісі бойынша келетін судан ешқандай қоспалар мен биологиялық элементтер табылған жоқ. Осы ықшамауданға келетін суық судың сапасы басқа аудандардағы сияқты халыққа арналған ауызсу параметрлерін реттейтін нормативтік құжаттарға сәйкес келеді.

"Дегенмен, әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты, сондай-ақ видеоны таратушы өз мекенжайын нақты айтпаған соң, кәсіпорын мамандары аталған тұрғын үй массивінің бірнеше үйінен су сынамаларын алды. Жиналған су сынамаларына жасалған талдау және "Алматы су" МКК-ның жауапкершілік аймағындағы Таужолы ықшамауданының сумен жабдықтау жүйесін зерттеу нәтижелері суық сумен жабдықтау қызметі бойынша бекітілген нормалар мен ережелерден қандай да бір ауытқулар жоқ екенін көрсетеді. Аталған ықшамауданда қалалық сумен жабдықтау жүйесінен басқа, тұрғындар басқа қызмет көрсетушілердің су құбыры желілерін пайдаланады. Енді осыған ұқсас жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органға жүгінуді ұсынамыз", – деді "Алматы су" МКК-да.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр