Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматы тазалық" мекемесінің директоры мердігерден 2,7 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

"Алматы тазалық" ШЖҚ МКК директоры мердігерден 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

директор пара

Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы тазалық" ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Сейсенбіде тараған ақпаратқа қарағанда, ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

“Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды”, – делінген мәліметте.



Қазір тергеу жүріп жатқаны айтылады.

Агенттік сонымен қатар қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қаржы мониторинг агенттігі 1Win онлайн-казиносына қатысты қылмыстық іс қозғағаны белгілі болған. 

Талқылау