Алматы тауларында 41 жастағы әйел жоғалып кетті
Алматы тауларында 41 жастағы Әлия Камиева есімді қала тұрғыны жоғалып кетті. Бұл туралы құтқарушыларға оның анасы хабар берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда оны іздестіру жұмыстарына пилотсыз ұшу құралдары жұмылдырылған. Әйел өзімен бірге телефонын алмай кеткен.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Республикалық жедел-құтқару жасағының бес жеке құрамынан тұратын жедел тобы іздеу-құтқару жұмыстарына дереу жұмылдырылған. Іздеу алаңына жеткен құтқарушылар екі топқа бөлінген.
Жоғалған алматылықты іздестіруге 30 құтқарушы, жеті техника бірлігі мен пилотсыз ұшу құрылғылары қосылған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн