Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті
Фото: 2Gis
Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Threads әлеуметтік желісінде 20 жастағы қазақстандық жігіттің тауда жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Желі қолданушысының айтуынша, Алан есімді жігіт 27 шілде күні таңертең Медеу жақтан Жастар шыңына қарай кеткен. Содан бері байланысқа шықпаған.
Жігіттің бойы 175-180 сантиметр, үстінде қызыл ұзын жеңді кофта, қара шолақ шалбар, қара кроссовка болған. Сондай-ақ оның басында қара кепка, арқасында ақ-сұр рюкзак, одан бөлек қара күртешесі болуы мүмкін.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жігітті іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
“Іздестіру жұмыстары Жастар шыңы (4147 м) аумағында басталды. Операцияға “Медеу” құтқару бекетінен Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары және “Тұйық-Су” бақылау-құтқару пунктінің құтқарушылары тартылды. Құтқарушылар Мыңжылқыға көтеріліп, жаяу Жастар шыңына қарай бет алды. Жастар, Титова және Т1 шыңдары тексерілді. Алайда жоғалған жігіттің ізі де жоқ. “Қазавиақұтқару” тікұшағы дайын тұр, алайда 1800 метрден жоғары күн бұлтты, найзағай және секундына 20 метрге дейін жететін жел ұшуға кедергі келтіріп отыр”, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Алматы облысындағы Маралсай шатқалында әйел жардан құлап кетті
Қарағанды облысында сайлауға дауыс беруге кетіп, із-түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр
Мыңжылқы жотасында Төтенше жағдайлар департаментінің, еріктілер және дрондармен жедел штаб құрылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тауында жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің мәйіті табылған еді.

"11-15 жастағылардың үлесі 2 есе артқан": Шылым шегетін жастардың санын азайту үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр
