Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларына блок-бекеттер қойылды

Алматы тауларында бақылау бекеттері қойылды. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, тау беткейлерінде қар көшкіні жүру қаупі сақталады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"ТЖД көшкін қаупі туралы № 13 ескерту негізінде: 2023 жылғы 5-7 сәуір аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінде қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған байланысты қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға барудан бас тартқан дұрыс", – делінген.

Сонымен қатар Аюсай шатқалындағы сарқырамаға адамдардың өтуіне жол бермеу үшін Бостандық ауданы ПБ қызметкерлері арасынан Аюсай бөгеті алдына пост орнатылды. Шымбұлақ маңындағы қар көшкіні қаупі бар аймаққа да блок-бекет орнатылған.

Талқылау