Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тауында жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің мәйіті табылды

 Ақылбек Нұрисламның денесі табылды

Фото: Іnstagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Құтқарушылар Алматы маңындағы тауға шыққанда жоғалып кеткен 18 жастағы Ақылбек Нұрисламның мәйітін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Студенттің денесі табылғанын еріктілер мен полиция растады.

Жігіт 2 шілде күні тауға серуендеуге шыққанда жоғалып кеткен. Іздеу операциясына 40-тан астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, полиция, еріктілер, кинологтар мен дрондар іздеу жұмыстарына қатысты.

Полицияның мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Марқұмның өліміне не себеп болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, құтқарушылар студенттің денесін дронның көмегімен тапқан.

“11 шілде күні таңғы сағат 07:30-да Алматы тауларында Республикалық жедел-құтқару жасағы, төтенше жағдай департаменті, құтқару қызметі және еріктілерден құралған топтың ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстары барысында, теңіз деңгейінен 3000 метрден асатын биіктікте ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен жоғалған адамның денесі табылды", – деп хабарламада.

Айым Болатқызы
Жұма, 11 Шілде, 2025 10:26
Талқылау