Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы соты Әбілязовтың сыбайласына үкім шығарды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мұхтар Әбілязовтың сыбайласы Рүстем Ибрагимовке айыптау үкімін шығарғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Биылғы 15 қазанда Алматы қаласы Медеу аудандық № 2 сотында Мұхтар Әбілязовтің қылмыстық қоғамдастықтағы тағы бір сыбайласы, Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған Ибрагимов Рүстем Шамильевичке қатысты айыптау үкімі шықты. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырып, банк ұйымдарында кәсіби қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айырды", - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлықпен күрескерлердің деректері бойынша "БТА Банкі "АҚ №2 корпоративтік бизнесті несиелік талдау департаментінің директоры, несиелеу жөніндегі басқарушы директор лауазымдарын атқарды және бас банктің несиелік комитетінің мүшесі болды.

"Ол қылмыстық қоғамдастықтың басшысы Мұхтар Әбілязовтің бақылауындағы компанияларға несие беру туралы заңсыз оң шешімдер қабылдауға жәрдемдесті. Бастапқыда Ибрагимов өз кінәсін мойындап, тергеуге көмектесті және ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы қолхат берді, бірақ қылмыстық қоғамдастық басшыларының ықпалымен жасырынуға шешім қабылдады. Нәтижесінде, 2010 жылдан бастап Ибрагимов қамауға алу бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуде болды. Ол Қырғызстан азаматының жалған құжаттарымен жасырынып жүрді", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, Ибрагимов 2017 жылғы желтоқсанда БАӘ құқық қорғау органдарына ұсталғаннан кейін, ол өзін Қырғызстан азаматы - Рустам Мұхтаров ретінде таныстыруды жалғастырып, Қазақстанның резиденттігін жоққа шығарды.

"Тергеу органы 2 жылдан астам уақыт бойы Рустам Мұхтаровтың атына жазылған құжаттардың жалған екенін, оның Қазақстан азаматы болып табылатынын дәлелдеп, оны Рүстем Ибрагимов ретінде тану туралы шаралар қабылданған.  Ол үшін Қазақстан, Қырғызстан және БАӘ құқық қорғау органдары жұмылдырылды.

Нәтижесінде БАӘ Әділет министрлігі қазақстандық тарап ұсынған барлық дәлелдемелерді зерделеп, Ибрагимовтың құжаттары мен айғақтарының жалғандығына көз жеткізді және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін оны Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады. Биылғы 4 наурызда Ибрагимов Қазақстанға экстрадицияланды", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Халықаралық іздеуде жүрген 16 күдіктіге, оның ішінде Әбілязовтың өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, іздеудегі бірқатар адамдар тікелей немесе жақын туыстары арқылы Қазақстанға өз еркімен оралуға дайын екендерін мәлімдеді. Олардың келуіне жәрдемдесу және бұрын таңдалған жолын кесу шараларын жеңілдету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

"Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл тек күдікті тұлғаларды іздестіру, ұстау және экстрадициялау бойынша ғана жүзеге асырылмайды. Осы ретте, қазақстандық тарап бастамашылық еткен халықаралық тергеу тапсырмаларының негізінде Еуропалық Одақтың бірқатар елдері мен басқа юрисдикциялардың құқық қорғау органдары Әбілязов пен оның сыбайластарына қарсы өз тергеулерін бастады. Осы өндірістер аясында тығыз халықаралық-құқықтық ынтымақтастық жүзеге асырылуда", - деді агентікте.

Еске салайық, Қазақстанда Әбілязов БТА Банкінен 7 миллиард долларға жуық доллар ұрлағаны үшін 20 жыл, ал 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Әбілязовты Ресей мен Украина да ұрлық жасады деген күдікпен іздестіруде.

Талқылау