Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы сейсмологтары 4,3 балдық жер сілкінісін тіркеді

Жер асты дүмпулері Тәжікстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 591 км жерде орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сейсмологтардың мәліметінше, ауытқулар 2023 жылдың 19 наурызында Астана уақыты бойынша 23 сағат 07 минутта болған. Алматы аумағында дүмпулер сезілмеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.0.

MPV магнитудасы 4.3.

Тереңдігі 15 км.

(ДСМ-64 шкаласы бойынша) мәліметтер: жоқ.

Айта кетсек,  20 наурызға дейін Қазақстанның үш өңірінде жер сілкінеді деген ақпарат тараған болатын. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов қазақстандықтарды жер сілкінісі қаупіне байланысты үрейленбеуге шақырды.

Талқылау