Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зорлап кетсін": Алматылық стендап-комик әйелдер туралы айтқан сөздері үшін сынға қалды (видео)

Жұрт әйелдерге тіл тигізді деп айыптаған стендап-комик Анди Топалидистің сөздерін Алматы полициясы тексереді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Стендапердің сөзі желіде тарап кетіп, жұртты шулатқан еді. Тараған видеода Топалидис Алматының бір мейрамханасында бір қызға “зорлап кетсін” деп қарғыс тілегенін, кейін тыңдаушылардың біріне де тіл тигізгенін көруге болады.

Алматы полициясы бұл сөздерге заңды тұрғыдан баға беретінін айтты. 

Ал Топалидис журналистерге пікір бергенде жұрттан кешірім сұрап, сексист, шовинист емесін айтып ақталды. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 24 Қараша, 2022 14:08
Талқылау