Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы алдында маңызды мәлімдеме жасады

Алматы полициясы маңызды мәлімдеме жасады

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы полициясы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы алдында маңызды мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы полициясы матчты өткізуге толық дайын екенін хабарлап, қоғамдық тәртіпті қорғауға 2,5 мыңнан астам қызметкер тартылатынын мәлімдеді. Негізгі міндеттері – жанкүйерлер мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жол қозғалысын реттеу екенін алға тартты полицейлер. 

Алматы қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Тимур Ноғайбаев матч өтетін күні қозғалысқа ішінара шектеулер енгізілетінін атап өтті. Полицейлер ьұрғындарды бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және көше, көлік, стадион аумағында тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.


"Қайрат" бапкері: "Реалдың" да әлсіз тұстары бар, біз жеңілу үшін шықпаймыз"


"Команданы қолдаңыздар, бірақ мәдениетті түрде. Тазалық сақтап, бір-бірімізге және қонақтарымызға құрметпен қарайық. Жауапкершілікпен әрекет ету – Алматы мен бүкіл елдің имиджіне қосқан үлесіңіз", – деді Ноғайбаев.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Реал" арасындағы тарихи кездесу 30 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы "Қайрат" – "Реал" ойынына 4 мың шетелдік жанкүйерді қабылдайтынын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 29 Қыркүйек, 2025 20:14
Талқылау