AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өліміме кінәлі": Алматы полициясы басшысының орынбасары өзін өртеп жіберген әйелдің айыптауына жауап берді

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов өзін-өзі өртеп жіберген әйелге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағила Досмаилова бұл істің тергеуіне көңілі толмайды. Қаржы пирамидасына алданған келіншек полиция қылмыскерлердің ісін жасыруға тырысып жатыр деген ойда. Бұл айыпқа Рустам Әбдірахманов әлеуметтік желіде жауап берді.

"14 адам күдікті деп танылып, оның 10-ы қамауға алынған қылмыстық істі қалай жабуға болады.Тергеу органына тікелей қатысы бар адам ретінде 14 адамның барлығының да қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймын. Күдікті деп танылды, оның ішінде Досмаилова айтып отырған адамдар да қамауда", - деп түсіндірді Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары.

Оның айтуынша, өзін-өзі өртеп жіберер алдында Бағила Досмаилова қаржы пирамидасы туралы ақпаратты таратуға қатысқан винерлерді қамауға алуды сұраған.


"Өліміме полиция бастығының орынбасары кінәлі": Қаржы пирамидасына алданып, өзін өртеп жіберген әйел ақтық хат жазған


"Зардап шегушінің неліктен өз пікірін өзгертуінің нақты себебін білмейміз, тексермейміз, себебі ол зардап шеккен тарап. Оған қоса қазір келіншек медициналық мекемеде жатыр", - деді Рустам Әбдірахманов.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, қаржы пирамидасының қызметіне қарсы 169 салымшы шағым түсірген. Сот-экономикалық сараптаманың мәліметінше, қаржы пирамидасының қызметінен келген жалпы шығын 5 млрд теңгені құраған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр