Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарады: Прокуратура мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Қанат Таймерденовтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Бұл туралы кәсіпкер Қайрат Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ақпаратта Таймерденовтің "Қаңтар оқиғасы" бойынша ұсталғаны айтылған. 

“Дерекөзіміз Алматы қалалық ІІД бұрынғы бастығы Қанат Таймерденовтің "Қаңтар оқиғасы" бойынша ұсталғанын хабарлады. Дереккөз құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды өкілдерінің бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың куәлігі аясында ұсталғанын хабарлады”, – делінген хабарламада. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты прокуратура мәлімдеме жасады. 

"Алматы қаласының полиция департаментінің экс-басшысы Таймерденовтің ұсталғаны туралы түрлі телеграм-каналдарда тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Осыған орай, бас прокуратура көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады”, – делінген хабарламада. 

Талқылау